Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Австралия ашық чемпионатының үшінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/16 финалда Жалғасбай аустриялық теннисші Тило Берманнмен кездесіп, 3-6, 6-7 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Дамир жасөспірімдер арасындағы Австралия ашық чемпионатындағы өнерін аяқтады, ал Берманн енді ширек финалға жолдама алу үшін словениялық теннисші Жига Шешкомен кездеседі.
Қазақстанның үздігі Australian Open турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Аустралиядағы жарыстың 1/4 финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или