«Аль-Наср» өз алаңында «Аль-Таавунды» жеңді

«Аль-Наср» өз алаңында «Аль-Таавунды» жеңді

«Аль-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатының 18-турында өз алаңында «Аль-Таавунды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 1-0 есебімен аяқталды. «Аль-Таавун» қорғаушысы Мохаммед Әл-Доссаридің 45-минутта өз қақпасына гол соғып, есеп ашты. Криштиану Роналду негізгі құрамда алаңға шығып, 90-минут өнер көрсетті.

Бұл жеңіспен «Аль-Наср» 40 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. «Аль-Таавун» 35 ұпаймен бесінші орында тұр. Келесі турда «Аль-Наср» сырт алаңда «Аль-Холудпен» ойнайды, ал «Аль-Таавун» өз алаңында «Аль-Ахдудты» қабылдайды.

«Қайрат» Лондонға жетті

Дана Уайт футболды түкке тұрғысыз спорт деп атады

Чемпиондар лигасы: Қарсылас «Қайратты» аямады



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или