Қазақстандық каратэшілер Премьер-лига турнирін үздік үштікте аяқтады
Түркияның Стамбұл қаласында өткен WKF каратэден 2026 жылдың алғашқы Премьер-лига санатындағы бәсекесінде Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ел құрамасынан беделді бәсекеде Бэлла Самашева мен Софья Берульцева жеңімпаз атанды.
Кумитэ бағдарламасында Бэлла Самашева (55 келі) Нина Квасникованы (Словакия) 2:1 есебімен ұтты.
Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Дүниежүзілік ойындардың чемпионы Софья Берульцева (68 келі) Непал өкілі Арика Гурунгты сүріндірді.
Осылайша каратэден Қазақстан құрамасы Түркияда өткен Премьер-лига турнирін 2 алтынмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте үздік үштікті түйіндеді.
Жалпыкомандалық есеп:
- 1. Мысыр (2 алтын, 3 күміс, 1 қола)
- 2. Түркия (2 алтын, 2 күміс)
- 3. Қазақстан (2 алтын)
- 4. Жапония (1 алтын, 2 күміс, 6 қола)
Айта кетейік, каратэден Премьер-лига санатындағы бәсекеге әлем рейтингіндегі ТОП-32 спортшы ғана қатыса алады. Қазақстан командасы сапында Түркияға 13 отандасымыз барды.
Қазақстандық спортшы беделді турнирде алтын медаль жеңіп алды
Премьер-лига турниріне қатысатын қазақстандық каратэшілер белгілі болды
Қазақстан биатлоншылары Ұлыбритания мен АҚШ құрамаларын артта қалдырды