ҚБФ Ирак бокс федерациясының өкілдерін қабылдады
Астанаға Ирак бокс федерациясының президенті, Asian Boxing басқарма мүшесі Али Таклиф Шахид және Ирак Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Игнаси Фабрэгес Барсело арнайы сапармен келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іс-сапар мақсаты - екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту және кәсіби кеңес алмасу. Бүгін Қазақстан бокс федерациясының кеңсесінде Ирак бокс федерациясының президенті, Asian Boxing басқарма мүшесі Али Таклиф Шахид және Ирак Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Игнаси Фабрэгес Барселомен ҚБФ бас хатшысы Мерей Ақшалов, кеңесші Мырза Еркенбек кездесті.
Басқосу барысында: жаттықтырушылар құрамымен және жаттығу үдерісін ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу; консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету; екі тарап үшін де өзара тиімді басқа да ынтамақтастық нысандары және тағы басқа тақырыптар аясында сөз қозғалды.
Бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті