«Qazsport» телеарнасы еурокубок ойындарын ерекше форматта көрсетеді

«Qazsport» телеарнасы еурокубок ойындарын ерекше форматта көрсетеді

«Qazsport» телеарнасы еурокубок ойындарының 8-турын ерекше форматта көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

УЕФА Чемпиондар лигасының 8-туры аясында ойын күніндегі барлық 18 матч 28 қаңтар күні бір уақытта басталады.

«Qazaqstan» телеарнасы Англияның «Арсенал» клубы мен алматылық «Қайрат» арасындағы кездесуді тікелей эфирде көрсетеді.

Осы уақытта «Qazsport» телеарнасындағы трансляция португалиялық «Бенфика» мен испаниялық «Реал» арасындағы матчтан басталады. Тікелей эфир барысында турдағы өзге кездесулерде соғылған барлық голдар live-хайлайт форматында жедел көрсетіліп отырады.

Осылайша «Qazsport» телеарнасының көрермендері ойын күніндегі барлық матчтардағы голдардың хайлайттарын бір мезетте тамашалай алады.

Сонымен қатар, 29 қаңтар күні УЕФА Еуропа лигасының матчтары да дәл осы форматта көрсетіледі.

«Қайрат» Лондонға жетті

Дана Уайт футболды түкке тұрғысыз спорт деп атады

Чемпиондар лигасы: Қарсылас «Қайратты» аямады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или