Надежда Морозова әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді
Инцелль қаласында (Германия) конькимен жүгіруден Әлем кубогының шешуші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жарыстың нәтижесі спортшылардың Әлем кубогының жалпы есебіндегі орындарына әсер етті.
Надежда Морозова Қазақстан құрамасы сапында рейтингте ең жоғары нәтиже көрсетті. 3000 метр қашықтықта ол бесінші орында мәреге жетті. Сондай-ақ Морозова 1500 метрде де үздік ондыққа еніп, алтыншы орынды иеленді.
500 метр қашықтықта Кристина Силаева оныншы орынды сақтап қалды. Осы дисциплинада Евгений Кошкиннің үздік бестікке енуге мүмкіндігі жоғары болды. Германиядағы кезеңге дейін ол жалпы есепте жетінші орында тұрған еді.
Турнирдің алғашқы күнінде Кошкин төртінші орын алып, рейтингтегі жағдайын жақсартты. Алайда Әлем кубогының соңғы күні ол ереже бұзып, ұпайсыз қалды. Нәтижесінде қазақстандық спортшы үздік ондықтан шығып, 11-орынға түсті.
Әйелдер арасындағы командалық із кесу жарысында Қазақстан құрамасы Әлем кубогын сегізінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, ұлттық құраманың келесі ірі халықаралық жарысы - 2026 жылы Италияда өтетін Олимпиада ойындары болмақ.
Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында бесінші орынға ие болды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Төрт құрлық чемпионатында 12-орынды иеленді
Төрт құрлық біріншілігі: жапондық мәнерлеп сырғанаушылар қайта үстемдік етті