«Ақтөбе» тәжірибелі қақпашымен қоштасты
Румыниялық 26 жастағы қақпашы Андрей-Даниель Влад екі жақты келісім аясында «Ақтөбе» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жөнінде ақтөбелік команданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Ол былтырғы маусым басында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлер шеңберінде 28 матчқа қатысты. Қақпашыға бірлескен еңбек жолы үшін алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабына тек сәттілік тілейміз», - деп жазылған хабарламада.
Ол былтырғы маусым басында «ақ-қызылдар» сапын толықтырып, содан бері 28 матчқа қатысты.
Еске салсақ, биыл Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Заруцкий мансабын «Ақтөбе» клубында жалғастырады. 32 жастағы қақпашы мен клуб арасында екі жылдық келісімшарт жасалды.
«Каспий» жолдастық матчта «Ленинградец» командасынан жеңіліп қалды