Қазақстандық теннисші Аустралиядағы жарыстың ширек финалына өтті
Қазақстанның жұптық сын бойынша бірінші ракеткасы Анна Данилина аралас жұпта Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші америкалық Джеймс Трейсимен бірге екінші айналымда канадалық Лейла Фернандес – аустралиялық Ник Кирьоспен кездесіп, 6:3 және 6:1 есебімен айқын басымдылық танытты. Кездесу небәрі 54 минутқа созылды.
Анна Данилина – Джеймс Трейси жартылай финалға шығу үшін бразилиялық Луиза Стефани – сальвадорлық Марсело Ареваломен таласады.
Бұдан бұрын А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сында да ширек финалға шыққан болатын.
Қазақстанның үздігі Australian Open турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Аустралиядағы жарыстың 1/4 финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или