Хоккей: Қазақстандық спортшы әлем чемпионатының үздігі атанды
Қазақстандық бұрымды хоккейші Түркияда өткен әлем чемпионатында IIA дивизионында ең үздік ойыншы ретінде танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
София Муравьева турнирдің ең үздік шабуылшысы атанып, сондай-ақ Қазақстан құрамасының ең үздік ойыншысы болды. 15 жастағы хоккейші турнирдің сұрмергендер кестесінде көш бастап, 21 (10+11) ұпай жинады.
Бұған дейін Стамбул қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатының IIA дивизионы аяқталған еді. Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландия (13:2), Латвия (9:1), Түркия (5:1) және Нидерланд құрамаларын (7:0) ірі есеппен жеңді. Ал «алтын» жүлде үшін өткен шешуші ойында қазақстандық қыздар жоғары дивизионнан түскен Корея құрамасымен кездесті. Матч қарсыластардың жеңісімен (1:5) аяқталып, қазақстандықтар өткен жылғыдай турнирдің «күміс» жүлдесін иеленді.
Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатында екінші орын алды
Әлем чемпионаты: Оңтүстік Корея - Қазақстан матчына бейнешолу