Хоккей: Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатында екінші орынмен аяқтады

Хоккей: Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатында екінші орынмен аяқтады

Стамбул (Түркия) қаласында IIA дивизионы аясында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы матчта Қазақстан әйелдер құрамасы жоғары дивизионға жолдама алу үшін бақ сынады. Отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Қазақстандықтар алғаш болып есеп ашқанымен, үшінші кезеңде қарсылас команда бес шайба соғып, 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Оңтүстік Корея құрамасы бір жыл бұрын шығып қалған IB дивизионына қайта оралды. Ал Қазақстан құрамасы өткен жылғы нәтижесін қайталап, екінші орынға ие болды.

Әлем чемпионаты: Оңтүстік Корея - Қазақстан матчына бейнешолу

Қырғызстан жастары әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или