Рыбакина Australian Open турнирінің 1/4 финалына жолдама алды

Рыбакина Australian Open турнирінің 1/4 финалына жолдама алды

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-ші орында) Australian Open турнирінің 1/8 финалында бақ сынасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакинаның төртінші кезеңдегі қарсыласы бельгиялық Элиз Мертенс (21-ші орында) болды. Қазақстандық теннисші екі сетте 6-1, 6-3 есебімен сенімді жеңіске жетті. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды.

Осылайша, Елена Рыбакина 2026 жылғы Australian Open турнирінің ширек финалына шықты. Келесі кезеңде спортшымыз Ига Швентек (2-ші орында) пен аустралиялық Мэддисон Инглис (168-ші орында) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Екінші теннисшінің кездесуі бүгін Астана уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, биылғы жылғы Australian Open жеңімпазы 2 793 365 доллар және 2000 рейтингтік ұпай жинайды.


17 жастағы қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің 1/8 финалына шықты

Australian Open: Александр Бублик ширек финалға шыға алмады

Australian Open: Путинцева жарыс жолынан шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или