Германияда 60-тан астам полиция қызметкері матч кезінде жарақат алды

Германияда 60-тан астам полиция қызметкері матч кезінде жарақат алды

Екінші лиганың «Магдебург» пен Дрезденнің «Динамо» клубтары арасындағы футбол матчы кезінде жаппай тәртіпсіздік орын алып, салдарынан 64 полиция қызметкері жарақаттанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Саксония-Анхальт ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 17 қызметкер ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Оқиға бірінші таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда, жергілікті жанкүйерлердің қонаққа келген көрермендер отырған секторға өтуге әрекеттенген кезінде басталды. Полиция тәртіпсіздікті тоқтатуға тырысқанымен, жағдай қақтығысқа ұласты.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне отшашу, тас пен металл тосқауылдар, кәріз қақпақтары мен брусчатка лақтырылды. Екі команданың жанкүйерлері отшашуды атып, матчтың уақытша тоқтатылуына себеп болды.

Стадиондағы тәртіпсіздіктен басқа, қаланың барлық аумағында тонау және мүліктік залал туралы хабарланды. Полиция басшысы Тамара Зишан тәртіпсіздікті қатаң айыптап, арнайы жұмыс тобы тергеуді бастағанын жариялады. Полицейлер одағы да жанкүйерлердің әрекетін сынға алып, мұндай әрекеттің футболды қолдауға еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

Стадионда шамамен 28 000 көрермен болды және жүздеген полиция қызметкерлері, соның ішінде Германияның басқа аймақтарынан келген күштер қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Матч 2:1 есебімен «Динамо» командасының жеңісімен аяқталды.


«Барселона» өз алаңында «Овьедоны» жеңді

Италия А сериясы: «Интер» өз алаңында жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или