Қазақстандық футболшы португалиялық команда сапына қосылды

Қазақстандық футболшы португалиялық команда сапына қосылды

Қазақстандық жартылай қорғаушы Афуан Даулетұлы ресми түрде португалиялық «Атлетико Малвейра» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sports24.kz-ке сілтеме жасап.

«КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ!

Афуан Даулетұлы негізгі командамызды күшейту үшін «Альмодавар» клубынан ауысады.

Қош келдің және біздің түстерімізде сәттілік тілейміз!», – деп хабарлады «Атлетико Малвейра» баспасөз қызметі.

Бұған дейін португалиялық агент Паулу Барбоза Афуан Даулетұлының ойынын әйгілі француз Зинедин Зиданның стилімен салыстырған болатын. Барбоза 19 жасар Даулетұлының ойын мәнері аты аңызға айналған Зизумен ұқсас екенін атап өтті.


«Ұлытау» Түркияда ресейлік командадан ұтылды

АПЛ: «МЮ» «Қайраттың» келесі қарсыласын жеңді

«Барселона» өз алаңында «Овьедоны» жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или