«Ұлытау» Түркияда ресейлік командадан ұтылды

«Ұлытау» Түркияда ресейлік командадан ұтылды

Жезқазғанның «Ұлытауы» жаңа маусымға дайындығын жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда Түркияның Анталия қаласындағы оқу-жаттығу жиыны барысында Ресейдің екінші дивизионында ойнайтын Ярославльдің «Шинник» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Матч қарсыластың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Бұл «Ұлытаудың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы ойыны болды. Жезқазған командасы келесі ойынын 29 қаңтарда Косовоның «Приштина» командасына қарсы өткізеді.


АПЛ: «МЮ» «Қайраттың» келесі қарсыласын жеңді

«Барселона» өз алаңында «Овьедоны» жеңді

Италия А сериясы: «Интер» өз алаңында жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или