Заңғар Нұрланұлы Australian Open турнирінің 1/8 финалына шықты

Заңғар Нұрланұлы Australian Open турнирінің 1/8 финалына шықты

Он жеті жастағы қазақстандық теннисші Зангар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Австралия ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда Зангар жергілікті теннисші Тайки Такизаваны 7:5, 1:6, 6:3 есебімен жеңді.

Ойын 1 сағат 40 минутқа созылды.

Нұрланұлы ширек финалға жолдама алу үшін Савва Рыбкин (Ресей) мен Хё Каваниши (Жапония) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Ертең қазақстандық Дамир Жалғасбай да екінші айналымдағы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы австриялық Тило Берманн болады.


Australian Open: Александр Бублик ширек финалға шыға алмады

Australian Open: Путинцева жарыс жолынан шықты

Қазақстандық теннисші Испаниядағы жарыста чемпион атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или