Өткен жылдың жеңімпазы Australian Open турнирінен шығып қалды
Америкалық теннисшілер Джессика Пегула (WTA рейтингінде 6-шы орында) мен Мэдисон Киз (9-шы орында) арасындағы Австралия ашық чемпионатының 1/8 финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Пегула екі сетте сенімді жеңіске жетті – 6:3, 6:4. Ойын 1 сағат 19 минутқа созылды.
Осылайша, Джессика Пегула ширек финалға шықты.
Мэдисон Киз – 2025 жылы өткен Australian Open чемпионы. Өткен жылы ол финалда беларусьтік Арина Сабаленканы (1-ші орында) үш сетте – 6:3, 2:6, 7:5 есебімен жеңген болатын.
Australian Open: Александр Бублик ширек финалға шыға алмады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или