АПЛ: «Арсенал» өз алаңында ұтылды
Лондонның «Арсеналы» Премьер-лигадағы 121 ойыннан тұратын сериясын «Манчестер Юнайтедке»(2:3) қарсы ойында аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Opta аналитикалық компаниясының мәліметі бойынша, «Арсенал» осынша ойын ішінде бір ойында үш голдан артық жібермеген. Соңғы рет бұл жағдай 2023 жылдың 5 желтоқсанында тіркелген, ол кезде Лондон клубы «Лутонға» қарсы ойында үш гол жіберген, бірақ 4:3 есебімен жеңіске жеткен.
50 ұпайы бар Микель Артета командасы екінші орындағы «Манчестер Ситиден» төрт ұпай басымдығын сақтап қалды. Осы жеңістен кейін ұпай жанын 38-ге жеткізген «МЮ» төртінші орынға көтерілді.
«Арсеналдың» келесі ойында Чемпиондар Лигасында «Қайратқа» қарсы өтеді. Матчты 29 қаңтар түні Лондондағы «Эмирейтс» стадионы қабылдайды. «Арсенал» Чемпиондар Лигасының жалпы кестесінде 21 ұпаймен көш бастап тұр, ал «Қайрат» соңғы орында, небәрі бір ұпаймен 36-шы орында.