София Берульцева Түркиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы София Берульцева Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) Премьер-лига кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Берульцева Түркияның Стамбул қаласында өткен турнирде жеңіске жетті. Әйелдер арасындағы кумитэде (68 келіден жоғары) финалда София непалдық спортшы Арика Гурунгпен кездесіп, оны ұпай санымен 4-2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Софья Берульцева 2020 жылы Жапонияның Токио қаласында өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Қазақстандық каратэші 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында да алтын медаль жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или