Кристина Силаева әлем кубогы кезеңінде төртінші орын алды
Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Силаева Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде төртінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Турнир аясында 500 метр қашықтықта жүлделер мен рейтингтік ұпайлар екінші рет сарапқа салынды.
Силаева 37,67 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, төртінші орынға ие болды.
Польшалық Кая Земек-Ногаль (37,25) алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды Германия спортшысы Софи Вармут (37,61) иеленсе, үздік үштікті Нидерланд өкілі Маррит Фледдерюсқа (37,62) түйіндеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или