Қазақстандық боксшылар ОЖЖ өткізу үшін Испания мен Америкаға аттанды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Испанияға аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олар 25 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Бенидорм қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Ал 3-8 ақпан аралығында Ла-Нусия қаласында өтетін «Boxam Elite» халықаралық турниріне қатысады.
Испанияға аттанған боксшылар тізімі:
- 50 келі. Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров
- 55 келі. Махмұд Сабырхан, Бексұлтан Боранбек
- 60 келі. Серік Теміржанов, Дәулет Молдашев
- 65 келі. Санатәлі Төлтаев
- 70 келі. Төрехан Сабырхан, Нұрбек Мурсал
- 75 келі. Тимур Нұрсейітов, Аман Қонысбеков
- 80 келі. Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас
- 85 келі. Нұрбек Оралбай
- 90 келі. Сағындық Тоғамбай, Оңталап Рахманов
- +90 келі. Айбек Оралбай, Нұрасыл Асылхан.
Ұлттық құраманың кейбір мүшелері Америка Құрама Штаттарына аттанды. Олар Колорадо Спрингс жаттығу базасында 8 ақпанға дейін шеберлігін шыңдайтын болады.
Әйелдер:
- 51 келі. Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова
- 65 келі. Аида Әбікеева
- 70 келі. Наталья Богданова
Ерлер:
- 60 келі. Бибарыс Жексен
- 80 келі. Сабыржан Аққалықов
- 85 келі. Диас Молжігітов
Жаттықтырушылар: Долкунжан Камеков, Дастан Кабденов, Ислам Абдраимов, Нұржан Қондыбаев.
Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері ұлттық құраманың алдағы жоспарымен бөлісті
Өзбекстандағы қазақ боксшы титул үшін жекпе-жек өткізеді
Абылайхан Жүсіпов: «Өзбек боксшысы бәрімізді тістеп алды»
Серік Сәпиевтің соққыға жығылған сәтіне қатысты видео тарады