Хоккей: Қазақстан қыздар құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі

Хоккей: Қазақстан қыздар құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі

Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы IIA дивизионында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы төртінші ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл ойын Қазақстан уақытымен 18:30-да басталады.

Бұған дейін бұрымды хоккейшілеріміз  Жаңа Зеландия (13:2), Латвия (9:1), Түркия (5:1), Нидерланд (7:0) құрамаларын қапы қалдырды.

Ал Оңтүстік Корея құрамасы Түркия (2:0), Жаңа Зеландия (10:0), Нидерланд (5:0), Латвия (3:2) құрамаларынан басым түсті.

Алғашқы төрт турдан кейін отандастарымыз 12 ұпаймен көш бастап тұрса, Оңтүстік Корея 11 ұпаймен екінші орында тұр.

Сондай-ақ турнир кестесінде Латвия 7 ұпаймен үшінші, Түркия мен Нидерланд 3 ұпаймен төртінші және бесінші орынға жайғасқан. Әзірге Жаңа Зеландияның қоржыны бос.

Екі құрама қазірге дейін бір мәрте өзара кездесті. 2019 жылы өткен ойында Қазақстан бұл қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберген еді.

Аталған топта бүгін Нидерланд пен Жаңа Зеландия, Латвия мен Түркия құрамалары шеберлік байқасады.

Бұл топтан бірінші орын алған құрама ІВ тобына жолдама алса, соңғы орынды місе тұтқаны ІІВ тобына түсіп қалады.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық клуб Құрлықтық кубок финалында бақ сынады

Қазақстандық ҚХЛ-де 200-ші матчын өткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или