Нұржан Насанов ұлттық құраманың алдағы жоспарлары туралы пікір білдірді

Нұржан Насанов ұлттық құраманың алдағы жоспарлары туралы пікір білдірді

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің алдағы жоспары жөнінде айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

- Түркістан облысында өткен 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтап, Испанияға жол тарттық. Бұл жақта бірлескен жаттығу жиынына, әрі қарай Boxam Elite халықаралық турниріне қатысамыз. Жарысқа жиырмаға жуық команда келеді деп күтілуде. Жылдың басы болғандықтан, боксшылар біраз уақыт шаршы алаңға шықпай қалды. Сондықтан бізге қазір жарыс тәжірибесі аса қажет. Испаниядағы турнирге екі құрам аттанды. Ақпан айында Алматы облысында жаттығу жиынын өткізіп, тағы екі құраммен Болгариядағы Странджа турнирінде бақ сынаймыз. Яғни, осы аралықта барлық боксшының шамасын байқаймыз. Сондай-ақ алдағы дайындық кезеңіне жастар құрамасын да шақырамыз. Бұл - біз үшін жақын арадағы резервті бақылап көру мүмкіндігі. Ұлттық құрама 2026 жылдың алғашқы кезеңін Азия чемпионатымен түйіндейді. Құрлықтық додаға дейін бірнеше елмен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жыл басынан бергі жарыстар мен жаттығуда өзін жақсы көрсете білген боксшыларды Азия чемпионатына алып барамыз. Бұл - World Boxing ұйымының ересектер арасындағы алғашқы құрлықтық біріншілігі. Жарыс 28 наурыз-1 сәуір аралығында Моңғолияда болады. ,- деді Нұржан Насанов. 

Оның айтуынша, келесі кезең Азия ойындарына дейін жалғасады. 

- Яғни, 19 қыркүйек-4 қазан аралығында Жапонияда өтетін Азиадада үздік құраммен ойын көрсету үшін бірнеше ай бойы құраманы бақылап, боксшыларды іріктейміз. 

Айта кетерлік жайт, бұдан былай 23 жасқа дейінгі боксшылар да ұлттық құрамаға тікелей қарасты болады. Биыл World Boxing осы жас санатында Азия чемпионатын ұйымдастырады. Ал құрамада 23 жасқа дейінгі құраманың дайындығына жауапты бөлек мамандар бар. Оған қоса 2026 жылдың маңызды жарыстарының қатарына әлем кубогының үш кезеңі енгізілген. Бразилия, Қытай және Өзбекстанда өтетін World Boxing жарыстарына тыңғылықты дайындаламыз. 

Бас жаттықтырушы қызметіне кіріскеніме аз уақыт болса да, боксшылармен өзара түсіністік бар. Басты ұстаным - тәртіп пен ауызбірлік, қалыптасқан шеберлік мектебін бұзбай, жаңа элементтер енгізу, - деп сөзін түйіндеді Нұржан Насанов.

Айта кетсек, Нұржан Насанов 10 қаңтарда бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұржан Насанов тағайындалды. Ол белгілі маман Қайрат Сәтжановты алмастырды. 

Өзбекстандағы қазақ боксшы титул үшін жекпе-жек өткізеді

Абылайхан Жүсіпов: «Өзбек боксшысы бәрімізді тістеп алды»

Серік Сәпиевтің соққыға жығылған сәтіне қатысты видео тарады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или