Ресми: Луиш Нани «Ақтөбе» ойыншысы атанды

Ресми: Луиш Нани «Ақтөбе» ойыншысы атанды

Португалиялық 39 жастағы футболшы Луиш Карлуш Алмейда да Кунья «Ақтөбе» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол футбол әлеміне Нани деген атпен танымал.Қос тарап бір жылдық келісімшартқа отырды. Айта кетейік, ол ҚПЛ тарихындағы тұңғыш Еуропа чемпионы (ЕУРО-2016) атанды.

Оның бір айлық жалақысы шамамен 70 мың долларды құрайды.

Луиш Нани мансабында:

  • «Спортинг» (Португалия) — Туған клубы, кәсіби жолын осы жерде бастады (2005–2007). Кейін клубқа үш рет оралды: 2014–2015 жылдары (жалға), 2018–2019 және 2024 жылдары.
  • «Манчестер Юнайтед» (Англия) — Мансабындағы ең табысты кезең (2007–2015). Клубпен бірге АПЛ-дың 4 мәрте чемпионы атанып, 2007/08 маусымында Чемпиондар лигасын жеңіп алды.
  • «Фенербахче» (Түркия) — 2015/16 маусымында ойнады.
  • «Валенсия» (Испания) — 2016/17 маусымында өнер көрсетті.
  • «Лацио» (Италия) — 2017/18 маусымын жалға өткізіп, команда намысын қорғады.
  • «Орландо Сити» (АҚШ) — 2019–2021 жылдары MLS лигасында ойнады.
  • «Венеция» (Италия) — 2022 жылдың басында қысқа мерзімде өнер көрсетті.
  • «Мельбурн Виктори» (Австралия) — 2022/23 маусымында ойнады.
  • «Адана Демирспор» (Түркия) — 2023/24 маусымын өткізді.
  • «Эштрела Амадора» (Португалия) — 2024.


Т
әжірибелі футболшы 2024 жылдың желтоқсанында кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеген еді. Биылдан бастап «Ақтөбеде» мансабын қайта жандандырды.

Виктор Мозес «Қайсар» футболшысы ретінде алғаш рет мәлімдеме жасады

«Қайрат» Лондондағы матч алдында мәлімдеме жасады

«Тобыл» франциялық ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или