Руслан Абдуллаев чемпиондық белбеу үшін жұдырықтаспақ
Өзбекстанда дүниеге келген этникалық қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кәсіпқой боксқа бет бұрған ол (4-0, 2 КО) алдағы уақытта чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты:
«Келесі жекпе-жегім наурыз айына жоспарланған, қарсыласым әзірге белгісіз. Биыл үш кездесу өткізіп, қыркүйек айында чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуды көздеп отырмын. Түлкін Қиличев айтқандай, жаңа «король» болуға тырысамын», - деді Абдуллаев.
Еске салайық, Руслан Абдуллаев соңғы жекпе-жегін бір апта бұрын өткізіп, уругвайлық боксшы Эдуардо Хавьер Абреуді (14-2-2, 10 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Бұл жеңіс оған бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental Gold тұжырымы бойынша чемпиондық титул әкелді.
Абылайхан Жүсіпов: «Өзбек боксшысы бәрімізді тістеп алды»
Серік Сәпиевтің соққыға жығылған сәтіне қатысты видео тарады
Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді