Руслан Абдуллаев чемпиондық белбеу үшін жұдырықтаспақ

Руслан Абдуллаев чемпиондық белбеу үшін жұдырықтаспақ

Өзбекстанда дүниеге келген этникалық қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кәсіпқой боксқа бет бұрған ол (4-0, 2 КО) алдағы уақытта чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты:

«Келесі жекпе-жегім наурыз айына жоспарланған, қарсыласым әзірге белгісіз. Биыл үш кездесу өткізіп, қыркүйек айында чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуды көздеп отырмын. Түлкін Қиличев айтқандай, жаңа «король» болуға тырысамын», - деді Абдуллаев.

Еске салайық, Руслан Абдуллаев соңғы жекпе-жегін бір апта бұрын өткізіп, уругвайлық боксшы Эдуардо Хавьер Абреуді (14-2-2, 10 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Бұл жеңіс оған бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental Gold тұжырымы бойынша чемпиондық титул әкелді.

Абылайхан Жүсіпов: «Өзбек боксшысы бәрімізді тістеп алды»

Серік Сәпиевтің соққыға жығылған сәтіне қатысты видео тарады

Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или