Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Төрт құрлық чемпионатында бесінші орынға табан тіреді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Төрт құрлық чемпионатында бесінші орынға табан тіреді

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы аралық есепте төртінші орында тұрған болатын. Еркін бағдарламада Шайдоров 175,65 ұпай жинап, екі бағдарлама қорытындысы бойынша 266,20 ұпаймен жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.

Жапониялық Као Миура 273,73 ұпаймен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Оңтүстік Корея өкілі Ча Джун Хван (273,62) иеленсе, қола медаль тағы бір жапониялық спортшы Сота Ямамотоға (270,07) бұйырды.

Диас Жиренбаев жарысты 20-орында (185,43) аяқтаса, Олег Мельников 21-сатыға жайғасты (164,34).

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайды. Аталған дүбірлі дода 6 ақпанда салтанатты түрде ашылады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Төрт құрлық чемпионатында 12-орынды иеленді

Төрт құрлық біріншілігі: жапондық мәнерлеп сырғанаушылар қайта үстемдік етті

Олимпиада 2026: Қазақстан құрамасының бір бөлігі – бұрынғы ресейлік спортшылар

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или