Алдияр Нұрғали испаниялық команданың жеңісіне көмектесті
Қазақстан U19 құрамасының шабуылшысы Алдияр Нұрғали Испания жастар чемпионатының матчына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақ футболшы ойнайтын «Леванте» «Вильярреалмен» сырт алаңда кездесті.
«Леванте» Биель Эскалона Гутьеррестің соққан екі голдың арқасында 2:1 есебімен ұтты.
Нұрғали биылғы маусымда барлық жарыстарда 15 матч өткізіп, сегіз гол соқты. Жасөспірімдер командалары арасындағы Испания кубогының алдыңғы матчында қазақстандық шабуылшы бір гол соғып, бір голдық пас беріп, командасына турнирдің 1/8 финалына шығуға көмектесті.
Виктор Мозес «Қайсар» футболшысы ретінде алғаш рет мәлімдеме жасады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или