Виктор Мозес: «Қайсар» сапына ауысқанымды қуана хабарлаймын

Виктор Мозес: «Қайсар» сапына ауысқанымды қуана хабарлаймын

«Қайсардың» жұлдызды футболшысы Виктор Мозес қызылордалық клубқа ауысуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайсар» футбол клубына қосылғанымды хабарлауға қуаныштымын! Алда не күтіп тұрғанын асыға күтемін», - деп жазды Мозес өзінің Instagram парақшасында.

Виктор Мозестің соңғы клубы ағылшындық «Лутон» болды. Өткен маусымда 35 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы 15 ойынға қатысып, бір гол соқты. Мансабында Мозес тағы бірнеше ағылшын клубтарында ойнады: «Кристал Пэлас», «Уиган Атлетик», «Челси», «Ливерпуль», «Сток Сити» және «Вест Хэм».

Cонымен қатар, түркиялық «Фенербахче», италиялық «Интер» және ресейлік «Спартак Мәскеу» командаларында ойнады.


«Қайрат» Лондондағы матч алдында мәлімдеме жасады

«Тобыл» франциялық ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

UEFA рейтингі: Қазақстан орнын сақтап қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или