Финалда қазақстандық-америкалық дуэт австралиялық Тай Хост пен ресейлік Егор Плешивцевтен құралған жұпты 5:7, 6:3, 10:8 есебімен жеңіп, чемпиондық атақты иеленді.
Әмір Омарханов пен Гэвин Янг турнирде үшінші нөмірмен тіркеліп, бастапқыдан-ақ басты үміткерлердің бірі саналған. Олар бұл мәртебесін толықтай ақтап, жарыстың барлық кезеңінен сенімді өтті.
Турнир барысында қазақстандық теннисші мен оның серіктесі испаниялық Уго Гарсия Гомес пен Карлес Рохасты 6:1, 6:4 есебімен, жапониялық Мотохару Абэ мен мексикалық Андрес Флорес Авиланы 5:7, 6:2, 10:7 нәтижесімен, сондай-ақ Ұлыбритания өкілдері Джо Лизер мен Маркус Уолтерсті 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
Португалиялық журналист Бубликтің мансабындағы серпілісті атап өтті
Рыбакина Australian Open турнирінің төртінші айналымына шығуын бағалады