Талдықорған клубы молдовандық голкипермен келісімге келді
Талдықорғанның «Жетісу» футбол клубы халықаралық тәжірибесі мол жаңа қақпашысын ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz. Жаңадан қосылған ойыншы бұған дейін Еуропа елдерінің бірінің ұлттық чемпионатында жеңімпаз атанған.
Қақпашының ауысқаны туралы ақпаратты клуб өз әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жариялады. Жаңа ойыншы — молдовандық голкипер Степан Сикач.
Футболшы Грузия чемпионатында өнер көрсетіп, «Колхети» мен «Самтредия» клубтарының намысын қорғаған. 2018/2019 жылғы маусымда ол Тбилисидің «Динамо» клубы сапында ел чемпионы атанды.
Молдовандық қақпашының трансферлік құны 25 мың еуроға бағаланып отыр. Қазақстан чемпионатында Степан Сикач 69 матч өткізіп, 84 гол жіберген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или