Жозе Моргаду Александр Бубликтің дамуын жоғары бағалады

Жозе Моргаду Александр Бубликтің дамуын жоғары бағалады

Португалиялық танымал журналист Жозе Моргаду әлемнің ATP рейтингінде 10-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бубликтің айтарлықтай алға басқанын атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, Александр Бублик 2025 жылдың мамыр айынан бері өз мансабын түбегейлі өзгерте алды. Римдегі турнирдің екінші айналымында жеңілгеннен кейін қазақстандық теннисші 42 матчта жеңіске жетіп, небәрі тоғыз рет қана ұтылған.

2025 жылдың ортасынан бері Бублик бес бірдей титулды иеленді. Ол Қытайдың Ханчжоу қаласында, Австрияның Кицбюэльінде, Швейцарияның Гштаадында өткен ATP-250 турнирлерінде, Германияның Галле қаласындағы ATP-500 жарысында, сондай-ақ 2026 жылы Гонконгтағы ATP-250 турнирінде жеңіске жетті.

«Үлкен дулыға» турнирлеріндегі ең үздік нәтижесі — 2025 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалы.

Рыбакина Australian Open турнирінің төртінші айналымына шығуын бағалады

Елена Рыбакина «Australian Open» турнирінің төртінші айналымына өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или