Болгариялық футболшы ФИФА шешімін өз пайдасына шығарды

Болгариялық футболшы ФИФА шешімін өз пайдасына шығарды

Бұрын Қостанайдың «Тобыл» клубында ойнаған болгариялық жартылай қорғаушы Радослав Цонев ФИФА-дағы дауды өз пайдасына шешті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы «Тобыл» сапына 2024 жылдың қаңтар айында қосылған. Алайда 2025 жылы қостанайлық команда құрамында бірде-бір ресми матчқа қатыспаған.

Клуб 30 жастағы жартылай қорғаушымен 2025 жылдың 30 маусымында қош айтысқанын ресми түрде жариялады. Осыдан кейін Радослав Цонев жалақысының төленбегеніне байланысты ФИФА-ға шағым түсірген.

Нәтижесінде ФИФА-ның дауларды шешу палатасы істі қарап, болгариялық футболшының талабын қанағаттандыру жөнінде шешім шығарды.

Бауыржан Исламханның жаңа клубы белгілі болды

UEFA рейтингі: Қазақстан орнын сақтап қалды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или