«Қайрат» ЧЛ-дағы соңғы матчын Лондонда өткізеді
Алматының «Қайрат» командасы Чемпиондар Лигасының Лондонның «Арсеналына» қарсы өтетін матчқа қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» Instagram парақшасында: «Еурокубоктағы ертегімізді футболдың отанында аяқтаймыз» - деп жазылған.
Еске сала кетейік, «Арсенал» мен «Қайрат» арасындағы матч 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні Англияның Лондон қаласында өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:00-де басталады. Алаң иелері жеті ойыннан кейін 21 ұпай жинап, Чемпиондар Лигасының жалпы турнирлік кестесінде айқын көшбасшы болып тұр. Ал «Қайрат» жеті ойыннан бір ғана ұпай жинап, соңғы орында, 36-шы орында тұр.
«Тобыл» франциялық ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты
UEFA рейтингі: Қазақстан орнын сақтап қалды
Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы астаналық клубқа ауысты
«Қайраттың» ең қымбат қорғаушысы командадан кететінін растады