UFC басшысы Смотерманның жағдайына тоқталды
UFC президенті Дана Уайт UFC 325 турнирі алдындағы салмақ өлшеу кезінде америкалық Кэмерон Смотерманның есінен танып қалған жағдайына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дана Уайттың сөзінше, ең алдымен ол спортшының жағдайын сұрап, бетімен құлаған сәтте тістері аман қалды ма, соған мән берген. Оның айтуынша, салмақ өлшеу өтетін тұғыр өте қатты әрі қауіпті, себебі беті таймайтындай етіп жасалған, ішінде металл элементтер де бар.
Уайт Смотерманның қолын тосып үлгермей, бетімен алға қарай құлағанын атап өтті. Нәтижесінде спортшының иегіне бірнеше тігіс салынған, бірақ одан өзге ауыр жарақат болмаған. UFC басшысы мұның өзін жақсы нәтиже деп бағалап, файтердің жағдайы қалыпты екенін жеткізді.
Сондай-ақ ол мұндай жағдайдың себептері әртүрлі болуы мүмкін екенін айтты. Уайттың пікірінше, оған жүйке, шаршау немесе басқа да көптеген фактор әсер етуі ықтимал.
UFC жұлдызы Пэдди Пимблетт жанкүйерлері үшін 150 мың доллар жұмсады
Қазақстандық жауынгер Жапониядағы турнирде кезекті жекпе-жегін өткізеді