Елена Рыбакина ойынын әлі де жақсарта алатынын айтты
2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open–2026 турнирінің төртінші айналымына шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисшінің айтуынша, қазіргі ойыны әлі де ең жоғары деңгейде емес. Соған қарамастан, ол әр матч сайын өз ойынын жақсартуға тырысып жатқанын және алдағы кездесулерде өзіне деген сенім арта түсетініне үміттенетінін жеткізді. Рыбакина қазірдің өзінде бірқатар элементтердің жақсы нәтиже беріп жатқанын атап өтті.
Еске салайық, үшінші айналымда Елена Рыбакина чехиялық Тереза Валентовамен кездесіп, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Елена Рыбакина «Australian Open» турнирінің төртінші айналымына өтті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или