«Қайрат» бразилиялық қақпашыны қатарға қосты

«Қайрат» бразилиялық қақпашыны қатарға қосты

Алматылық «Қайрат» футзал клубы бразилиялық қақпашы Вандесон Мануэл Перейра да Силвамен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2001 жылы туған голкипердің бойы 180 сантиметр, салмағы 89 келі. Вандесон — Бразилия азаматы, алаңда қақпашы позициясында өнер көрсетеді.

24 жастағы ойыншының халықаралық тәжірибесі мол. Әр жылдары ол Бразилияның «Коринтианс» және АКБФ клубтарында, Латвияның «Рига» командасында, сондай-ақ Испанияның «Вальдепеньяс» клубында ойнаған.

Алматылық клубтың ресми мәлімдемесінде Вандесонға жылы лебіз білдіріліп, жаңа трофейлер, ірі жеңістер мен шешуші кездесулерде сенімді ойын тіленген.

Мансабы барысында Вандесон Сан-Паулу штатының чемпионатын, Бразилияның ұлттық лигасын және Оңтүстік Америка лигасын жеңіп алған. Сонымен қатар ол Латвия чемпионы атанып, ел Суперкубогын да иеленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или