Бублик мойындады: «Мен есейдім» - Australian Open–2026

Бублик мойындады: «Мен есейдім» - Australian Open–2026

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 23 қаңтарда Australian Open–2026 турнирінің төртінші айналымына жолдама алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Әлемнің 10-ракеткасы үшінші айналымда аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді үш сетте жеңді 7:6 (7:4), 7:6 (7:5), 6:4.

Матчтан кейін Бублик өз ойынындағы серпіліс пен мансабына деген көзқарасының өзгергенін айтты. Оның сөзінше, рейтингтегі тұрақсыздықтың басты себебі өмірлік ұстанымдардың нақты қойылмауынан екен.

« Мен есейіп кеттім. Шынымды айтсам, үйде болғанды жақсы көремін. Рейтингте төмендеп кеткен кезде бірден түсіндім: бірнеше турнирде жақсы ойнап, ұпай жинасаң, өзіңе көбірек демалыс апталарын сыйлай аласың» деді Бублик корттағы сұхбатында.

Айта кетелік, енді қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің алтыншы ракеткасы, австралиялық Алекс де Минормен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или