Өзбекстан мойындады: «Біз Қазақстанға қарап үйрендік»

Өзбекстан мойындады: «Біз Қазақстанға қарап үйрендік»

Өзбекстан теннис федерациясы басшылығы Қазақстанның әлемдік теннистегі жолын жоғары бағалап, ресейлік спортшыларды өз құрамына қабылдаудың себептерін ашық айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы Өзбекстан теннис федерациясы төрағасының орынбасары Ирода Туляганова «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында мәлім етті. 

Федерация басшылығы қазақстандық теннистің дамуын үлгі ретінде атады. Туляганова Өзбекстанның Қазақстаннан үлгі алатынын жеткізді.

«Менің ойымша, Қазақстан көпке үлгі көрсетті. Егер мүмкіндік болса, неге пайдаланбасқа? Бұл спортты шын сүйетін, өз ісіне жан-тәнімен берілген адам келді де, бәрін тек жақсы жаққа өзгертті. Қазір Қазақстан теннис федерациясы әлемдегі ең мықтылардың бірі. Барлық бағыт дамыған. Бұл жүйелі жұмыс 12–15 жыл бойы жүргізілді. Біз жақында ғана бастадық, енді 12–15 жылдан кейін бізде де сондай деңгей болады деп үміттенемін. Бұл өте керемет. Қазақстанда осындай жетістікке қол жеткеніне қуаныштымын» деді Туляганова.

Айта кетелік, өткен жылдың соңында ресейлік Мария Тимофеева, Полина Кудерметова және Камилла Рахимова Өзбекстан атынан өнер көрсете бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или