UFC жұлдызы Пэдди Пимблетт жанкүйерлері үшін 150 мың доллар жұмсады
UFC жауынгері Пэдди Пимблетт UFC 324 турниріне арнап туыстары, достары және жанкүйерлері үшін шамамен 250 билет сатып алған, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бойкердің айтуынша, бұл шешім оған 140–150 мың доллар аралығында шығын әкелген. Пимблетт үшін жақындарының қолдауы әр жекпе-жекте аса маңызды екенін жасырмады.
31 жастағы британдық спортшы UFC-де әлі жеңіліс көрмеген және қатарынан жеті жеңіске қол жеткізген. Ол ертең америкалық Джастин Гейджиге қарсы жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін алаңға шығады.
Айта кетелік, бұған дейін Пимблетт Ақ үйде өтуі мүмкін турнирде Илия Топуриямен жекпе-жек өткізуден бас тартатынын мәлімдеген, себебі ол жерде барлық жанкүйерді орналастыру мүмкін емес екенін айтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или