Елена Рыбакинаның үшінші айналымдағы кездесуінің тікелей трансляциясы
Бүгін, 24 қаңтарда Мельбурнда әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина мен чех теннисшісі Тереза Валентова Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымында кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина мен Валентова арасындағы кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады оны осы сілтеме арқылы көруге болады.
Бұған дейін Рыбакина словениялық Кая Юванды (6:4, 6:3) және франциялық теннисші Варвара Грачеваны (7:5, 6:2) жеңген болатын.
Айта кетейік, Австралия ашық чемпионаты 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Қазіргі чемпиондар - италиялық Янник Синнер мен АҚШ теннисшісі Мэдисон Киз.
Australian Open: Қазақстандық теннисші тарих жаңартты
Ломакин Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Ига Швентек Australian Open турнирінің үшінші айналымына шықты