Евгений Кошкин әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады
Қазіргі таңда Инцелль (Германия) қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының шешуші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ерлер арасында 500 метрлік қашықтықта қазақстандық спортшы Евгений Кошкин өнер көрсетті. Ол 34,34 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, қорытынды есепте төртінші орынға табан тіреді.
Польшалық Дамиан Журек (34,09) жеңімпаз атанды. АҚШ спортшысы Джордан Штольц 34,26 секунд уақыт көрсеткішімен екінші орын алды. Ал эстониялық Мартен Лийв 34,29 секундта мәреге жетіп, үшінші сатыға тұрақтады.
Айта кетейік, бұл Әлем кубогының кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындары алдында соңғы ірі халықаралық жарыс болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или