«Интер» – «Пиза» матчының тікелей трансляциясы
23 қаңтарда Италия чемпионатының 22-туры аясында «Интер» өз алаңында «Пизаны» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазіргі таңда «Интер» Серия А турнир кестесінде көш бастап тұр. Миландық клуб 21 матчта 49 ұпай жинап, доптар айырмасын 44:17 көрсеткішімен жақсартқан. Соңғы ойында «Интер» Чемпиондар лигасында өз алаңында лондондық «Арсеналға» 1:3 есебімен есе жіберді.
Ал «Пиза» Италия чемпионатының турнир кестесінде 19-орында келеді. Команда 14 ұпай жинап, доптар айырмасы жағынан да қиын жағдайда — 16:31.
Айта кетелік, кездесу Қазақстан уақытымен 00:45-те басталады және матчты тікелей эфирде сілтеме арқылы көруге болады. Тікелей эфир
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или