Нұрәлі Әліп: «Жалға алу мерзімі біткен соң қайтамын деп ойладым»
Санкт-петербургтік «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп қайтадан "Қайратқа» оралатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы ол ASnews.kz сайтына берген сұхбатында мәлім қылды.
Қазақстандық футболшы жалға мерзімі аяқталғаннан кейін елге қайта оралатынын жеткізді.
«Бейімделу қиын болды ма? Иә, себебі мені бастапқыда жалға алған еді. Сол жылдың қыркүйек айында жалға алу мерзімі аяқталған соң қайтадан «Қайратқа» ораламын деп ойладым. Қараша айында соңғы ойындар өтті, желтоқсанда командадан кетемін деп ойлағанмын. Бірақ келісімшартты соңына дейін адал атқарғым келді, сондықтан жаттығуларда барымды салдым» деді ол.
Спортшы сөзіне сүйенсек, жеңіс голынан соң басшылық тараптан келісімшартқа өзгерістер енгізілген. Бұл өз кезегінде уақытты ұзартқан.
«Араға бір жыл салып, Ресей Кубогының финалында жеңіс голын соғу бақыты бұйырды. Осыдан кейін клуб маған үш жылдық, жақсартылған жаңа келісімшарт ұсынды» деп түйіндеді футболшы.
Айта кетелік, Нұралы Әліп 2022 жылдың басында «Қайраттан» «Зенитке» ауысты. Осы уақыт ішінде 26 жастағы қорғаушы Ресейдің үш дүркін чемпионы атанды, бір рет Кубок және үш рет Суперкубокты жеңіп алған болатын.