Netflix Головкин мен Канело трилогиясы туралы фильм түсірді

Netflix Головкин мен Канело трилогиясы туралы фильм түсірді

Әлемге әйгілі платформа Netflix мексикалық бокс жұлдызы Альвареске арналған  деректі фильм шығаруға дайындалып жатыр. Туындының бас тақырыбы қазақстандық Геннадий Головкинмен өткен атышулы әрі тарихи трилогияны қамтиды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Альварес пен Головкин арасындағы қарсыластық бес жылға созылып, үш ірі жекпе-жекті қамтыды. Алғашқы кездесу 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, даулы тең нәтижемен аяқталды. Көп сарапшылар бұл шешімді қазақстандық боксшыға жасалған әділетсіздік деп бағалаған еді.

Екінші жекпе-жек 2018 жылы өтті. Бұл жолы төрешілердің шешімімен минималды басымдық Канелоға берілді. Ал трилогияның соңғы бөлімі 2022 жылдың қыркүйегінде ұйымдастырылып, Альварес бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті.

Айта кетелік, Netflix дайындап жатқан деректі фильмде осы тарихи бәсекенің сахна сыртындағы оқиғалары мен басты сәттері кеңінен қамтылады деп күтіліп отыр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или