Олимпиада-2026 тауда өрмелетеді! Миланда бұрын болмаған жаңа спорт түрі пайда болады
Миланда өтетін Қысқы Олимпиада-2026 бағдарламасына сенсациялық жаңалық қосылды. Алғаш рет Олимпиада тарихында ски-альпинизм ресми спорт түрі ретінде енгізілмек, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ски-альпинизм спортшылардың шаңғысыз-ақ тауға өрмелеп, кейін қауіпті жылдамдықпен төмен түсуін талап ететін аса ауыр әрі динамикалық дисциплина.
Жарыс барысында спортшылар бір кезеңде шаңғымен көтеріледі, кейін оларды арқасына асып, жаяу жүреді, ал соңында қайта шаңғыға тұрып мәреге жетуі тиіс. Бір жарыстың орташа уақыты 4 минуттан аспайды, алайда қатесі кешірілмейтін экстремалды спорт саналады.
Аталмыш жаңа спорт түрінен жарыстар Италиядағы әйгілі “Стельвио” тау кешенінде өтеді және Олимпиада күнтізбесінде небәрі екі күнге ғана жоспарланған.
Айта кетелік, жалпы Олимпиада да 16 қысқы спорт түрі бойынша 195 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сайыстар Италияның солтүстігіндегі 15 аренада өтеді, ал ашылу салтанаты Миланда, жабылуы Веронада ұйымдастырылады.