Qazaq Kuresi Ассоциациясының жаңа бас директоры белгілі болды

Qazaq Kuresi Ассоциациясының жаңа бас директоры белгілі болды

Мейіржан Берекетов Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мейіржан Берекетов 1996 жылғы 17 наурыз күні Абай облысында дүниеге келген. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 2018 жылы спорт саласында бастады.

  • 2018-2025 жылдары – Петропавл қаласындағы «Қызылжар Арландары» спорт клубының спортшысы;
  • 2022-2025 жылдары – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының жаттықтырушы-оқытушысы;
  • 2022-2025 жылдары – Qazaq Kuresi Ассоциациясының спорт менеджері;


Мейіржан Берекетов қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының (І орын, Астана қ., 2024 ж.) және Әлем чемпионатының (І орын, Дели, Үндістан, 2025 ж.) жеңімпазы.

Қазақ күресін дамытуға сіңірген еңбегі ескеріліп, 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Айдос Сұлтанғали басқа салмақта күреседі

Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері ауысады

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестегі ең беделді салмаққа ауысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или