Мемлекет басшысы Олимпиада құрамасының ту ұстаушыларына Мемлекеттік туды табыстады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада және Паралимпиада ұлттық құрамаларының ту ұстаушыларына Мемлекеттік туды салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Prosports.kz.
2026 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының туын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайл-могулшы Аяулым Әмренова алып шығады. Ал Паралимпиада ойындарында көк туды Ербол Хамитов көтереді.
Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады.
Сондай-ақ Президент қазақстандық спортшылардың түрлі халықаралық жарыстарда лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындардан көрініп жүргенін айтты. Олардың жетістігі елдің беделін арттырып, шынайы әрі жасампаз отансүйгіштіктің жарқын үлгісіне айналып отыр.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Төрт құрлық чемпионатында 12-орынды иеленді
Олимпиада 2026: Қазақстан құрамасының бір бөлігі – бұрынғы ресейлік спортшылар
Мәнерлеп сырғанау: Ресейден келген Самоделкина үздік нәтиже көрсете алмады