Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының 1/8 финалына өтті

Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының 1/8 финалына өтті

Мельбурнда Аустралия ашық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үлкен Дулыға турнирінің үшінші айналымында қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 10-орын) аргентиналық Томаш Мартин Эчеверримен (ATP рейтингінде 62-орын) кездесті. 

Нәтижесінде қазақстандық теннисші аргентиналық қарсыласын 7:6, 7:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Ойын барысында Бублик 21 эйс жасады. Бұл Қазақстанның бірінші ракеткасы үшін AO турниріндегі алғашқы төртінші кезең.

Келесі қарсылас – аустралиялық Алекс Де Минаур (ATP рейтингінде 6-орын). Соңғы екі кездесу қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, Аустралия ашық чемпионаты 18-31 қаңтар аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 74 900 000 АҚШ долларын құрайды.

Қазақстандық теннисші Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті

Ига Швентек Australian Open турнирінің үшінші айналымына шықты

Australian Open: Қазақстандық теннисші тарих жаңартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или