Өзбек жауынгерінің ММА турниріндегі келесі қарсыласы анықталды
Gold деген лақап атпен танымал өзбек жауынгері Шахзод Узоковтың кәсіпқойдағы алғашқы қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1 ақпанда Ташкентте өтетін OCTAGON 84 турнирінде атышулы өзбек жауынгер өзінің дебюттік жекпе-жегін Мұхаммедали Нұрусовқа қарсы (1-0) өткізеді.
Узоков поп-ММА-дағы жекпе-жектерімен, сондай-ақ Өзбекстандағы заң мәселелерімен танымал. Instagram-да Gold-тың жеке жанкүйерлер армиясы бар.
Айта кетейік, жақын арада ММА-да OCTAGON лигасының BMF титулын иеленген қазақстандық Еркебұлан Тоқтарға қарсы Узоковтың жекпе-жегі өтуі тиіс.
Жақында Тоқтар Instagram-дағы ең танымал қазақстандық жауынгер атанды – 1.9 млн жазылушы. Жеңілмеген UFC файтеріның Instagram–дағы жазылушылар саны – 1.8 миллион.
OCTAGON 84 турнирінің басты оқиғасында жеңілмеген қазақстандық Қайсар Жауғашар (6-0) мен жеңілмеген өзбек жауынгері Сардорбек Рузьев (4-0) арасында жеңіл салмақтағы уақытша чемпион белбеуі үшін титулдық жекпе-жек өтеді.
OCTAGON 84 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON 84 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 84 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
2026 жылдағы алғашқы OCTAGON турнирі ресми жарияланды
Қазақ қызы АҚШ ММА лигасында чемпиондық белбеу үшін айқасады
Қазақ пен өзбек жекпе-жегі: OCTAGON аренасында Ерасыл үстем болды