Бауыржан Исламхан қазақстандық клубқа ауысады

Бауыржан Исламхан қазақстандық клубқа ауысады

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Бауыржан Исламхан осы трансфер кезінде «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық жартылай қорғаушы жарақатынан толық айығып, кәсіби мансабында жаңа белестерді бағындыруға дайын. Еске салсақ, 2025 жылғы маусымда Бауыржан Исламхан «Тұран» және «Астана» клубтарының құрамында тіркелгенімен, жарақатқа байланысты бірде-бір ресми матчқа қатыса алмаған еді.

Сонымен қатар «Ақтөбе» сапын Арман Кеңесов те толықтыруы мүмкін екені айтылуда. Айта кетейік, Кеңесов бұған дейін ақтөбелік клубта өнер көрсетіп, 2024 жылғы маусымда Қазақстан Кубогын жеңіп алған болатын.

UEFA рейтингі: Қазақстан орнын сақтап қалды

Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы астаналық клубқа ауысты

«Қайраттың» ең қымбат қорғаушысы командадан кететінін растады



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или